Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Милад Карими Каирдегі әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды

Сарапшы, спорт журналисі
27.04.2025, 16:12

Қазақстандық спортшы Милад Карими Каирде өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем кубогының кезеңінде еркін жаттығуда алтын медаль иеленді.

olympic.kz
Реклама
Реклама

Каирдегі Әлем кубогының финалында Милад Карими еркін жаттығуда 14.133 ұпай жинап, бірінші орынды иеленді. Болгариялық Эдди Пенев 13.966 ұпаймен күміс жүлдеге қол созса, украиналық Назар Чепурный 13.866 ұпаймен үздік үштікті қорытындылады.

Айта кету керек, Каирдегі бұл әлем кубогының кезеңі маусымның соңғы сайысы болып саналады. Милад Карими еркін жаттығуларда жалпы есепте бірінші орынды еншіледі. 

Ертең, 28 сәуір күні, Милад Карими қоссырықтағы жаттығулардың финалында өнер көрсетеді. Бұл финал спортшы үшін тағы бір медаль үшін күресуге мүмкіндік береді.

Бүгін гимнастика бағдарламасы аясында тағы екі қазақстандық спортшы — Нариман Құрбанов пен Зейнолла Ыдырысов — ат үстіндегі жаттығуда медаль үшін бақ сынайды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары