Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері, футзалдан Еуро-2016 турнирінің қола жүлдегері Какау УЕФА Чемпиондар лигасының финалы туралы пікір білдірді. Айта кетейік, алматылық "Қайрат" пен испаниялық "Пальма" арасындағы ойын 4:9 есебімен аяқталған еді.
Какау "Қайраттың" ойыны көңіл көншітпегенін жасырмады:
"Кеше команда әрі қорғаныста, әрі шабуылда өте әлсіз ойын көрсетті. Қазақстандық ұжымның тактикалық жоспары мүлде болмағандай көрінді. Бұл жағдай мені қатты қынжылтады. "Қайрат"— бұл менің сүйікті клубым, сондықтан да мұндай жеңіліс жанымды ауыртады. Бірақ мен бір күні қайта оралып, осы трофейді қайта жеңіп аламын", — деді маман.
"Пальма" тарихта алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасын қатарынан үш мәрте жеңіп алған жалғыз клуб атанды. Ал "Қайрат" Испаниядан тыс үш дүркін чемпион атағын иеленетін алғашқы клуб болуға бір табан жақын еді. Бірақ бұл мүмкіндікті қолдан шығарып алды.