Сәбина Алтынбекова ажырасқаннан кейін "сақина тағуға" ниетті

Редактор Penalty.kz
06.05.2025, 07:45

Қазақстандық волейболшы Сәбина Алтынбекова жеке өміріндегі өзгерістерден кейін ерекше өнер нысанымен суретке түсіп, әлеуметтік желіде үлкен қызығушылық тудырды.

instagram/@altynbekova_20

28 жастағы спортшы Instagram парақшасында алып сақинаның жанында түскен суретін жариялап, әзіл аралас жазба қалдырды.

"Міне, осындай сақина керек!" – деп жазды Сабина.

Сәбинаның жазбасы көп ұзамай әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды. Комментарийлер астында:

  • "Ақтөбеге қош келдің!" 
  • "Сақина болады!" – деген секілді қолдаушы пікірлер жазылды.

Көпшілік бұл жазбаны Сәбинаның жеке өміріндегі жаңалықпен байланыстырып, оны жаңа кезеңге аяқ басқан батыл қадам ретінде қабылдады.

2025 жылдың наурызында Сәбина Алтынбекова жұбайынан ресми түрде ажырасқанын мәлімдеген болатын. Алайда сұлу волейболшы әзірге жаңа қарым-қатынасқа дайын емес екенін ашық айтқан. Бұл жаңалық та қоғамда кеңінен талқыланған еді.

Сәбина Алтынбекова 2014 жылы Азияның жасөспірімдер арасындағы чемпионатында "ең сұлу волейболшы" атанып, бір сәтте интернет жұлдызына айналды. Кейін ол Жапонияның GSS Sunbeams, Италияның "Волалто Казерта", БАӘ-нің "Әл-Васл" және Алматының волейбол клубында өнер көрсетті.

Соңғы маусымда ол Индонезияның Yogya Falcons клубында ойнап, 2024 жылдың соңында Қазақстанға оралды. Командасы плей-офф кезеңіне өте алмағандықтан Сәбина мансабындағы келесі қадамды ойластыруға кіріскен сияқты.