"Қайраттың" бас бапкері Чемпиондар лигасындағы сәтсіздіктен кейін клубтан кетеді

Редактор Penalty.kz
05.05.2025, 19:25

"Қайрат" футзал клубының бас бапкері Марлон Веласко маусым аяқталған соң қызметінен кетеді.

Instagram/@futsalkazakhstan

Клубтың Instagram парақшасында жарияланған мәлімдемеге сәйкес Марлон Веласкомен арадағы келісімшарт маусым соңында аяқталып, тараптар оны ұзартпау туралы шешім қабылдаған. Енді испаниялық маман келесі маусымда өз еліндегі "Viña Albali Valdepeñas" клубының тізгінін ұстауға дайындалып жатыр

Марлон Веласко "Қайратқа" 2023 жылдың жазында келді. Ол осы кезеңде 2024 жылы Қазақстан кубогын және 2024/2025 маусымында Суперкубокты жеңіп алды. Бірақ ұлттық біріншілікте чемпиондық атақтан айырылып қалды.

Айта кетерлігі, Веласко соңғы 20 жылда алматылық команданы баптаған алғашқы бразилиялық маман емес. Ол "Қайратты" 2021 жылдан бері алғаш рет футзалдан Чемпиондар лигасының финалдық кезеңіне шығарды. Бұл турнирде команда күміс жүлдені місе тұтты.

Футзалдан UEFA Чемпиондар лигасының финалында алматылықтар Испанияның "Пальма" клубынан ойсырай жеңілді. Францияның Ле-Ман қаласында өткен шешуші матч 9:4 есебімен аяқталды.