"Астана" баскетбол клубы 12-рет Қазақстан чемпионы атанды (ВИДЕО)
Жарнама
Жарнама
2024/2025 маусымындағы Ұлттық лиганың финалдық сериясында "Астана" баскетбол клубы алматылық "Ірбіс Алатау" командасын жеңді.
Шешуші матч Астанадағы "Сарыарқа" велотрегінде өтті. "Астана" сенімді ойын көрсетіп, баскетболдан турнирлік кестедегі көшбасшылық орнын тағы да растады.
Айта кетейік, бұл клуб тарихындағы 12-ші чемпиондық атақ болып саналады. Бұған дейін команда 2011-2023 жылдар арасында 11 рет ішкі біріншілікті ұтқан
Статистика:
- Григорий Мотовилов - 19 ұпай, 5 пас
- Руслан Айтқали - 15 ұпай, 6 рет допты алу
- Вадим Щербак - 14 ұпай
- Ти Джей Старкс - 14 ұпай, 5 рет допты алу.
Жарнама
Жарнама