Жас спортшы досымен бірге моторлы қайықпен серуендеп жүргенде өзенге құлап, сол күйі су бетіне шықпаған. Құтқарушылар бірнеше күннен бері үздіксіз іздестіру жүргізіп жатыр, алайда әзірге нәтиже жоқ.
Атырауда 17 жастағы Әлішер Көжек моторлы қайықтан құлап, Жайық өзеніне батып кетті. Қайғылы оқиға 3 мамыр күні Еркінқала ықшамауданы маңында орын алған. Құтқарушылар бірнеше күннен бері үздіксіз іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Әлішер досымен бірге моторлы қайыққа мініп, өзен бойымен жүрген. Қайық бұрылған сәтте ол абайсызда суға құлап кеткен. Қасындағы серігі оны ұстап қалуға тырысқанымен, қатты ағыс салдарынан құтқара алмапты. Жас спортшы су бетіне қайта шықпаған.
Атырау облысы ТЖД-ның мәліметінше, шақырту 3 мамыр күні сағат 17:25-те түскен. Сол сәттен бастап оқиға орнына құтқарушылар шұғыл жетіп, іздестіру-құтқару жұмыстарын бастаған.
Қазіргі таңда:
Ағыстың қаттылығы, судың лайлығы және бөгде заттардың көптігі іздеу жұмысына кедергі келтіруде.
Болашағынан зор үміт күттірген Әлішер Көжек дзюдодан спорт шеберіне үміткер болған. Жаттықтырушылары мен спорт қауымдастығы жас балуанның жоғалуына байланысты қайғы білдіруде.