Қуат Хамитов қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен ерекше құттықтады

Редактор Penalty.kz
07.05.2025, 19:56

7 мамыр — Қазақстанда Отан қорғаушылар күні. Бұл күн еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сарбаздар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне арналады. Осыған орай танымал ММА жауынгері Қуат "Найман" Хамитов қазақстандықтарды ерекше стильде құттықтады.

NUR.KZ

Instagram парақшасында Куат арнайы дайындалған тактикалық әскери киімде көрінді. Оның үстінде:

  • Қара түсті бронежилет
  • Қос автомат
  • Тактикалық форма мен берет
  • Артқы жағында — қызметтік көлік

Бұл бейне Хамитовтың мерекеге деген құрметін және еліміздің қорғаны болған азаматтарға ризашылығын айқын көрсетеді.

"Баршаңызды Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын!" — деп жазды спортшы.

"Найман" лақап атымен танымал Қуат Хамитов бұған дейін де Қазақстанның күштік құрылымдарына қолдау білдіріп жүргені белгілі. Ол жиі әскери дайындықтар мен патриоттық акцияларға қатысып, ел қорғанына деген құрметін ашық көрсетеді.