Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан байрақты бәсекеде Кирилл Герасименко мықтыларды артта қалдырып келеді.
Қазақстан құрамасының мүшесі Кирилл Герасименко үстел теннисінен өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші кезеңінде 20-нөмірмен тіркелген жапониялық Хирото Шинозуканы 4:2 есебімен (4:11, 11:5, 12:14, 11:8, 13:11, 11:8) жеңіп, үшінші айналымға өтті.Айта кетейік, Шинозука әлемдік рейтингте 26-орында тұрса, Герасименко 59-сатыда орналасқан.
Кириллге үшінші кезеңде оңай қарсылас бұйырмайды. Ол енді рейтингте үшінші орындағы Бразилия өкілі Уго Кальдераномен кездеседі. Бұл матч – қазақстандық жанкүйерлер үшін үлкен қызығушылық туғызатын маңызды сәттердің бірі болмақ.
Үстел теннисі бойынша әлем чемпионаты Доха қаласында (Қатар) өтіп жатыр. Ерлер мен әйелдер арасындағы жеке сында 256 спортшы бақ сынайды. Турнирдің негізгі сеткасында қатысушылар олимпиадалық жүйе бойынша жарыс жолына шыққан.