"Жігіттер, кепканы қайдан алдыңдар?" GGG жанкүйерлерін таңғалдырды (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
22.05.2025, 12:34

Көлігімен кетіп бара жатқан Геннадий Головкин көшеде жүрген бір топ баламен суретке түсті. 

championat.com

Атақты боксшы Геннадий Головкин қарапайымдылығымен тағы да көпшілікті тәнті етті. Көшеде жүрген балалардың бірі киген кепканы байқаған GGG көлігін тоқтата салып, жанкүйерлерімен тілдесе кетті. 

“Кепканы қайдан алдыңдар?”

GGG жас жанкүйерден оның басындағы атақты GGG логотипі бар кепканы көріп, қызығушылық танытады. Сәлден соң көлігінен түсіп, бірнеше жас жігітпен суретке түсіп, жылы әңгіме құрады. Бұл сәттің видеосы әлеуметтік желіге тарап, қолданушылар тарапынан жоғары баға алды.

Желі қолданушылары не дейді?

Видео астына желі қолданушылары жылы лебіздерін білдіріп, пікірлер жаудырды.

  • “GGG красавчик. Қарапайым сөйлесіп жатыр. Берите пример!”
  • “Крутой и в тоже время простой! Респект Геннадию Головкину. Гена, такие кепки продают и мы любим их носить только из-за тебя, легендарный GGG!”
  • “GGG – Легенда”

Көптеген пікірде Головкиннің жұлдыз ауруына шалдықпағаны, керісінше қарапайым болмысын сақтаған тұлға екені ерекше айтылады.

Бұл кездесу нені білдіреді?

GGG – тек чемпион емес, шынайы ұлттық тұлға. Осындай күтпеген, алайда шынайы сәттер оның халық жүрегіндегі орнын бекіте түсті.