13 жастағы қазақстандық қыз Испаниядағы үстел теннисі турнирінде топ жарды
22.05.2025, 13:12
Қазақстандық жас спортшы Жәния Бекмұхамбетова Испанияда өткен WTT Youth Contender турнирінде алтын медаль иеленді. Жарыс Пладжа-де-Аро қаласында өтті.
olympic.kz
Жәния – 13 жасқа дейінгі санатта чемпион
Жәния Бекмұхамбетова 13 жасқа дейінгі спортшылар арасында өнер көрсетіп, финалға дейін бірде-бір қарсыласына мүмкіндік бермеді. Ол жарыс жолында Италия, Испания, Венгрия, Германия және Швейцария елдерінің өкілдерін 3:0 есебімен жеңіп шықты.
Жас чемпионның сенімді жеңісі
Жәнияның ойыны кәсіби деңгейде өтті. Әр партияда шапшаңдық пен дәлдік танытқан қазақстандық жасөспірім турнирдің басты фавориттерін сенімді түрде жеңіп, ел қоржынына алтын медаль салды. Бұл – қазақстандық үстел теннисі спорты үшін маңызды жетістік.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама