
Көлігімен кетіп бара жатқан Геннадий Головкин көшеде жүрген бір топ баламен суретке түсті.
Атақты боксшы Геннадий Головкин қарапайымдылығымен тағы да көпшілікті тәнті етті. Көшеде жүрген балалардың бірі киген кепканы байқаған GGG көлігін тоқтата салып, жанкүйерлерімен тілдесе кетті.
GGG жас жанкүйерден оның басындағы атақты GGG логотипі бар кепканы көріп, қызығушылық танытады. Сәлден соң көлігінен түсіп, бірнеше жас жігітпен суретке түсіп, жылы әңгіме құрады. Бұл сәттің видеосы әлеуметтік желіге тарап, қолданушылар тарапынан жоғары баға алды.
Видео астына желі қолданушылары жылы лебіздерін білдіріп, пікірлер жаудырды.
Көптеген пікірде Головкиннің жұлдыз ауруына шалдықпағаны, керісінше қарапайым болмысын сақтаған тұлға екені ерекше айтылады.
GGG – тек чемпион емес, шынайы ұлттық тұлға. Осындай күтпеген, алайда шынайы сәттер оның халық жүрегіндегі орнын бекіте түсті.