
Қазақстандық жүзу шеберлері Ташкентте өтіп жатқан Орталық Азия чемпионатының алғашқы жартысында-ақ 60-қа жуық жүлдені қанжығаларына байлады.
Жарыс 19-23 мамыр аралығында Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатыр. Бұл – өңір тарихындағы су спорты бойынша ұйымдастырылған алғашқы ашық форматтағы халықаралық жарыс.
Турнирде Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан құрамалары 158 жүлде жиынтығын сарапқа салуда.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай деңгейдегі халықаралық дода Өзбекстанда алғаш рет өткізіліп жатыр. Турнирге жасөспірімдерден бастап ересектерге дейінгі спортшылар келген.
Чемпионат А, В және С топтарында ұйымдастырылған. Қатысушылар келесі қашықтықтарда бақ сынауда:
Сонымен қатар жарыс бағдарламасына бірнеше эстафеталық жарыстар да енгізілген: