Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Не масқара?! Баскетболшы балалар еденде ұйықтап, тозған мектеп залында жаттығуға мәжбүр

Сарапшы, спорт журналисі

Әлеуметтік желіде тараған мәлімет қоғамды дүрліктіріп, Федерацияға сынның астында қалды.

Не масқара?! Баскетболшы балалар еденде ұйықтап, тозған мектеп залында жаттығуға мәжбүр
Instagram/radiosportkz

Баскетболдан U-16 жасөспірімдер құрамасының Түркістан облысындағы оқу-жаттығу жиыны әлеуметтік желіде үлкен дауға ұласты. Instagram-дағы RadioSportKz парақшасында жарияланған мәліметке сәйкес, жас баскетболшылар еденде ұйықтап, ескі құрал-жабдықпен жаттығуға мәжбүр. Тіпті, дәретхана далада орналасқан деген айыптаулар да айтылды.

Не масқара?!

Жазба авторларының айтуынша, U-16 құрамасы жекеменшік үйде тұрады. Бір бөлмеде алты бала өмір сүреді. Жататын төсек жоқ, спортшылар еденде ұйықтайды. Жаттығулар ескі мектеп залында, ағаш сақиналар мен тозған қалқандармен өтуде. Ал дәретхана – сыртта.

Жаттығу жиыны 16–26 мамыр аралығында Түркістан облысының Мақтаарал ауданында өтіп жатыр. Бұл жиын Өзбекстанда өтетін CABA халықаралық турниріне дайындық ретінде қарастырылған.

Фото: Instagram/radiosportkz

Ата-аналардың наразылығы

Кей ата-ана ұлттық құраманың дайындығы осындай жағдайда өтіп жатқанда, Федерация өкілдерінің Дүниежүзілік кубоктың жеребесі мен маусымның жабылу салтанатына қатысып жүргенін түсіне алмай отыр. Неліктен балалардың жағдайына көңіл бөлінбейді?, – дейді олар. 

Федерация не дейді?

Жұлдыз Байдүсенова, Бас хатшы:

«Мақтааралды таңдаған өздері — бапкерлер. Себебі Навоиде (Өзбекстан) өтетін жарыс климатына бейімделу үшін осындай орын қарастырылды. Жергілікті ДЮСШ-да жаттығады, жағдай — спартандық.», – деп жауап берді Жұлдыз Байдүсенова. 

Оның айтуынша, бір бөлме 50 шаршы метр, 6 бала тұрады. Ыстық — 40–45°C. Наурыз-мамыр аралығында жиындарға 5 млн теңге бөлінген. Бұл қаржы тамақ, киім, жатын орын және басқа шығындарға жұмсалған.

«Дәретхана далада — себебі бұл ауылдық аймақ. Өзім барып көрдім. Балалар бір бөлмеде деген — жалған ақпарат», — деді Байдүсенова.

Абай Алпамысов, Федерация президенті:

«Мен бас хатшы мен жаттықтырушыға тапсырма бердім. Жаттықтырушының айтуынша, барлық балалар риза. Балалар екі бөлмеде, әр бөлмеде 6 адамнан тұрып жатыр. Сол күні-ақ балаларды жинап, сөйлестік, бұл жөнінде хат алмасу да бар. Өңірлердегі инфрақұрылым әртүрлі.»

Фото: Instagram/radiosportkz

Шындық қайда?

Федерация мәлімдемелері мен әлеуметтік желідегі фото-видеолар арасында алшақтық бар. Кімнің ақпараты нақты — әзірге белгісіз. Дегенмен, бұл жағдай — жасөспірім спортшылардың дайындық сапасына, өңірлік инфрақұрылымның төмендігіне назар аудару қажеттігін көрсетіп отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 3

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір