
Белгілі қазақстандық журналист Диас Ахметшәріп қайтыс болды. Бұл туралы "Қазақстан" телеарнасының Telegram-арнасы жазды.
"Журналист Диас Ахметшәріп қайтыс болды. Ол Qazsport телеарнасының тұңғыш директоры болды.
Еңбек жолын 1997 жылы Қазақ радиосының репортері болып бастаған. Ұзақ жылдар бойы Qazaqstan телеарнасы мен "Хабар" агенттігінде спорт журналисі қызметін атқарды.
Корпорация ұжымы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтады", - делінген хабарламада.
Ахметшәріп 2003 жылдан 2007 жылға дейін спорт және туризм істері агенттігінің баспасөз қызметінің жетекшісі, баспасөз хатшысы қызметін атқарды.
Кейінгі жылдары Диас Ахметшәріп түрлі мемлекеттік органдарда баспасөз хатшысы болып жұмыс істеді.