
Ауыр тағдыр, ерте үзілген ғұмыр. Англиялық боксшы қыз Джорджия О’Коннор небәрі 25 жасында өмірден өтті. Бұл қайғылы хабарды Англияның Бокс федерациясы ресми түрде растады. Спортшы тұрмыс құрғаннан кейін бар-жоғы екі апта өткенде көз жұмған.
Англия Бокс федерациясының Instagram желісінде жарияланған мәлімдемеде:
“Біз Джорджия О’Коннордың қайтыс болуына байланысты терең қайғырамыз. Ол – тек талантты спортшы ғана емес, сонымен қатар әуесқой бокс қауымдастығының сүйікті мүшесі еді. Оның рингтегі жеңістері мен шынайы адамдық болмысы талай жанға шабыт берді. Осы қиын сәтте отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз”, – делінген.
О’Коннор өз жасында-ақ бірқатар ірі жетістіктерге жетіп үлгерді:
Кәсіби рингте де ол барлық үш жекпе-жегінде жеңіске жетіп, болашағынан зор үміт күттірген.
Журналистердің мәліметіне сүйенсек, 2025 жылдың қаңтар айында Джорджия обыр диагнозын алғанын мәлімдеген. Бірақ бұған дейін, 2024 жылдың қазанынан бастап, ол дәрігерлерден тексеру сұрап келгенімен Ұлыбританияның ұлттық денсаулық сақтау қызметі (NHS) оның шағымдарын елемеген. Ол кезде спортшыға ойық жаралы колит диагнозы қойылған.
О’Коннор NHS жүйесін уақытылы әрекет етпегені үшін ашық сынға алды. Өкінішке қарай дерт асқынып, ауыр салдарға әкеп соқты.
Жүректі елжірететін жайт — спортшы қыз 2025 жылғы 9 мамырда тұрмысқа шыққан. Алайда отбасылық бақытқа кенелуге тағдыр мүмкіндік бермеді: неке қиылғаннан кейін екі апта өткенде Джорджия көз жұмды.