Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстандық жүзушілер Орталық Азия чемпионатында 50-ден астам медаль жеңіп алды

Редактор Penalty.kz
22.05.2025, 13:48

Қазақстандық жүзу шеберлері Ташкентте өтіп жатқан Орталық Азия чемпионатының алғашқы жартысында-ақ 60-қа жуық жүлдені қанжығаларына байлады.

qmonitor.kz
Реклама
Реклама

Орталық Азиядағы алғашқы ашық чемпионат

Жарыс 19-23 мамыр аралығында Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатыр. Бұл – өңір тарихындағы су спорты бойынша ұйымдастырылған алғашқы ашық форматтағы халықаралық жарыс.

Турнирде Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан құрамалары 158 жүлде жиынтығын сарапқа салуда.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай деңгейдегі халықаралық дода Өзбекстанда алғаш рет өткізіліп жатыр. Турнирге жасөспірімдерден бастап ересектерге дейінгі спортшылар келген. 

Жүзу бағдарламасы – түрлі стильдер мен эстафеталар

Чемпионат А, В және С топтарында ұйымдастырылған. Қатысушылар келесі қашықтықтарда бақ сынауда:

  • Еркін жүзу: 50 м, 100 м, 200 м және 400 м
  • Кешенді жүзу: 200 м және 400 м
  • Шалқалап жүзу: 50 м, 100 м және 200 м
  • Баттерфляй және брасс: 50 м, 100 м және 200 м

Сонымен қатар жарыс бағдарламасына бірнеше эстафеталық жарыстар да енгізілген:

  • 4х100 м аралас (микст)
  • 4х100 м еркін стиль (микст)
  • 4х100 м классикалық еркін стиль
  • 4х100 м аралас классикалық эстафета
Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары