Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Дженнифер Лопес "Қайраттан" маңыздырақ болды – ресми шешім жарияланды

Редактор Penalty.kz
27.05.2025, 21:30

Алматының Орталық стадионында өтетін әлемдік поп-мәдениет жұлдызы Дженнифер Лопестің концертіне байланысты "Қайрат" футбол клубының ішкі матчына өзгеріс енгізілді.

oxu.az
Реклама
Реклама

Концерт өткізіледі, матч кейінге шегерілді

10 тамызға жоспарланған Дженнифер Лопестің шоуына байланысты тараптар келісімге келді. Жоғары қызығушылық пен шараның халықаралық деңгейі ескеріле отырып, Қазақстан Премьер-Лигасының "Қайрат" – "Жеңіс" матчы 21 қыркүйекке ауыстырылды.

“Бұл шешім футбол мен мәдени іс-шара көрермендері үшін ыңғайлы жағдай жасау мақсатында қабылданды”, – делінген "Қайрат" клубының Instagram парақшасында.

Еврокубоктағы ойындар сол күйінде қалды

Дегенмен "Қайраттың" еурокубок ойындары – 7 және 12 тамызға белгіленген матчтар бұрынғы кесте бойынша өткізіледі. Бұл матчтарға ешқандай өзгеріс енгізілмейді.

Бұған дейін жанжал болған еді

Айта кетейік, бұған дейін "Қайрат" клубы Дженнифер Лопестің концерті стадион әкімшілігі тарапынан клубпен келісілмей жоспарланғанын, және концертті өткізуге қарсы екендерін ресми түрде мәлімдеген болатын.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары