Байқау барысында шопандардың тек тәжірибесі ғана емес, логикасы мен зерделілігі де сынға түсті.
Жетісу облысында жұмысшы мамандық жылы аясында алғаш рет «Үздік шопан» жарысы ұйымдастырылды. Ерекше додада қойшылардың тәжірибесімен қатар, ой-өрісі мен логикалық қабілеттері де сынға түсті.
Жарыс бірнеше кезеңнен тұрды:
Қатысушылар алдымен логикалық сұрақтарға жауап беріп, тест тапсырмаларын орындады.
Келесі кезеңде отар ішінен бөлінген қозыны оның енесімен сәйкестендіріп табуға тиіс болды. Бұл – нағыз шопанның жылдар бойы жинаған тәжірибесін қажет ететін тапсырма.
Сайыс биязы және биязылау жүнді қой өсірушілер арасында өтті. Бұл бағытты таңдаған себебі – қазіргі нарықта жүн сапасына сұраныс артып отыр, ал осы бағыттағы шопандардың рөлі ерекше.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл байқау шопандықты насихаттауға бағытталған. Қазақ халқының ата кәсібін заманауи форматта қайта танытып, мал бағуды – еңбек нарығындағы тиімді кәсіптің бірі ретінде көрсету көзделген.