Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстанның үздік волейболшысы жаңа клуб таңдады

Редактор Penalty.kz
05.06.2025, 13:30

Қазақстан волейболының символына айналған, елдегі ең табысты волейболшы Сана Анарқұлова Петропавлдың "Қуаныш" командасымен келісімшартқа қол қойды. Бұл жөнінде спортшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ресми түрде мәлімдеді.

instagram/@sanajarlagassova
Реклама
Реклама

Еуропадағы сәтті маусымнан кейін туған елге оралды

Өткен маусымда Анарқұлова Сербияның “Уб” клубында өнер көрсетіп, ұлттық чемпионаттың күміс жүлдегері атанды. Ал одан бұрын 2024 жылдың күзінде, Сана “Қуаныш” клубының сапында Азия клубтық чемпионатына қатысқан. Дегенмен Қазақстан чемпионатында петропавлдық клубтың жейдесін алғаш рет киіп отыр.

Сана Анарқұлова кім?

Сана Анарқұлова — Қазақстан волейбол тарихындағы ең жарқын тұлғалардың бірі:

  • 8 дүркін Қазақстан чемпионы
  • Азия клубтық чемпионатының жеңімпазы (2021)
  • Азия ойындарының қола жүлдегері (2010)

Ол ұлттық құрама сапында да ұзақ жылдар бойы өнер көрсетіп, ел намысын халықаралық ареналарда қорғады.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары