Қазақстан әйелдер құрамасы Вьетнамда өтетін AVC Ұлттар кубогына қатысады
Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 7–14 маусым аралығында Вьетнамда өтетін AVC-2025 Ұлттар кубогына қатысу үшін жарыс орнына келіп жетті.
Қазақстан құрамасы B тобына түсті
Жеребе нәтижесінде бас бапкер Ришат Гилязутдинов баптайтын команда В тобында өнер көрсетеді. Бұл топтағы қарсыластар:
- Филиппиндер
- Иран
- Индонезия
- Моңғолия
- Жаңа Зеландия
Ал А тобында Вьетнам, Австралия, Үндістан, Қытай Тайбэй және Гонконг құрамалары бақ сынайды.
Турнир регламенті бойынша, әр топтан үздік шыққан екі команда жартылай финалға жолдама алады. Қалған ұжымдар 5-орын үшін ойнайды.
Қазақстан құрамасының топтық кезеңдегі ойын кестесі (Астана уақытымен):
- 7 маусым, 08:00 – Қазақстан vs Жаңа Зеландия
- 8 маусым, 08:00 – Қазақстан vs Моңғолия
- 9 маусым, 08:00 – Қазақстан vs Индонезия
- 11 маусым, 10:30 – Қазақстан vs Иран
- 12 маусым, 08:00 – Қазақстан vs Филиппиндер
Құрам тізімі: тәжірибе мен жас дарынның үйлесімі
Байланыстырушы: Наиля Нигматулина, Раянна Дюсенбаева
Либеро: Томирис Сағымбаева, Сәбира Бекішева
Орталық блоктаушылар: Юлия Якимова, Сәния Балағазинова, Балайым Қойлыбаева
Шабуылшылар: Сана Анарқұлова, Татьяна Никитина, Маргарита Бельченко, Перизат Нұрбергенова, Динара Разақберлина, Кәмилла Сұлтанбек
Бапкерлер штабы:
- Бас бапкер – Ришат Гилязутдинов
- Көмекшілер – Мейірбек Нұғұспанов, Қуаныш Семейханов
- Аналитик – Дмитрий Марюхнич
- Дене дайындығы бойынша жаттықтырушы – Александр Титоренко
- Массажист – Амангелді Әбілмәжинов
Құрамдағы өзгерістер
Жарыс алдында жарақат алған Валерия Чумак пен Ирина Кузнецова турнирге қатыса алмайды. Олардың орнына құрама сапында алғаш рет Аянат Айдарбекова мен Раянна Дюсенбаева бақ сынайды.