Реклама
Реклама

Қазақстан құрамасы спорттық гимнастикадан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Сарапшы, спорт журналисі
05.06.2025, 17:40

Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өткен Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы спорттық гимнастикадан үшінші орыннан көрінді.

vesti.kz

Құрама командалық көпсайыста үздік нәтиже көрсетті

Жүлделі орынға қол жеткізген гимнастарымыз командалық көпсайыс бағдарламасы бойынша сынға түсті. Қазақстан құрамасының қорытынды ұпайы — 240.301.

Қазақстан құрамасының құрамы:

  • Нариман Құрбанов
  • Милад Карими
  • Дмитрий Патани
  • Роман Мамено
  • Ілияс Әзізов
  • Әлішер Тойбазаров

Турнирдің үздік үштігі:

  1. Жапония — 253.002 ұпай
  2. Қытай — 248.265 ұпай
  3. Қазақстан — 240.301 ұпай
Реклама
Реклама