Қазақстандық гимнасшылар Ташкентте үш медаль жеңіп алды
21.06.2025, 18:59
Ташкентте өткен Challenge Cup жарысының финалдық кезеңінде спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасы үш жүлде еншіледі.
olympic.kz
Ерлер арасындағы бәсеке: қос жүлде – қос қуаныш
Қоссырықтағы жаттығуларда Ілияс Әзизов 13.100 ұпаймен күміс медаль еншіледі. Ал Дмитрий Патанин 12.700 нәтижемен қола жүлде иемденді.
Бұл бағдарламада өзбекстандық Ахрорхон Темирхонов (13.550 ұпай) жеңімпаз атанды.
Көркем Ербосынқызы – үздік үштікте
Бөрене үстіндегі жаттығуда өнер көрсеткен Көркем Ербосынқызы 12.100 ұпаймен қола жүлдегер атанды.
Бұл бағдарламадағф нәтижелер мынадай:
- Кайлия Немур (Алжир) — 13.300
- Одинахон Робиджонова (Өзбекстан) — 12.500
- Көркем Ербосынқызы (Қазақстан) — 12.100
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама