Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-тағы кезекті жекпе-жегіне аттанып кетті (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
27.06.2025, 18:30

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-та өтетін кезекті жекпе-жегіне дайындалып жатыр. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

smi24.kz

Шымкент арқылы — Америкаға

Әлімханұлы Шымкенттегі №14 емдеу орталығына кіріп, сапар алдында медициналық тексеруден өткенін атап өтті.

"Америкаға жолда — кезекті жекпе-жекке. Шымкент қаласындағы №14 емдеу орталығында кәсіби дәрігерлерден денсаулығымды тексертіп шықтым. Қызмет сапасы жоғары, заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Ақ халатты абзал жандарға көп рахмет!" – деп жазды ол.

Чемпиондық серия үзілген жоқ

Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста жеңіліс көрмеген. Оның рекорды: 17 жеңіс, 12 нокаут. Соңғы рет 2025 жылғы сәуірде Астанада жекпе-жек өткізіп, француз Анауэль Нгамиссенгіні бесінші раундта нокаутпен ұтқан.

Келесі қарсылас кім болады?

Әзірге АҚШ-тағы жекпе-жекке қатысты толық ақпарат берілген жоқ. Алайда Әлімханұлының алдағы қарсыласы мен жекпе-жек уақыты жақын арада жария етілмек.