Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының жүлдегері Алмас Өтешов әлеуметтік желіде ішімдіктен қалай бас тартқанын айтып, 6 ай ішінде өмірінде қандай өзгерістер болғанын көпшілікке жариялады.
Алмас Өтешов өзінің Instagram парақшасында бұрынғы және қазіргі күйін салыстыра отырып:
“Бұл суретті жариялар алдында көп ойландым. Жеке өміріммен бөлісу керек пе, жоқ па деген сұрақ мазалады. Бірақ бұл — біреуге сабақ, біреуге үміт болар деген сеніммен жариялауды жөн көрдім. Ащы судан жұбаныш іздеген жандарға сабақ болсын. Шын ниетпен ұғынған адамға ең басты жол – сабыр мен иман”, — деп жазды.
Алмас Өтешов ішімдікті доғаруына нақты бір сәт себеп болғанын айтады. Бұл — журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың “Уақыт көрсетеді” жобасына берген сұхбат кезі.
“Сол сұхбатта халық алдында Құранды ұстап тұрып, ащы суға енді жоламаймын деп серт бердім. Бұл мен үшін кері шегінуге жол жоқ дегенді білдірді. Абай атамыз айтқандай, “Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, ақылың мен қайратың екі жақтап” – сол ақыл мен қайрат мені осы ауыр жолдан алып шықты”, — дейді спортшы.
Алмас өзінің жаңа өмір жолына түсуіне қолдау көрсеткен адамдарға шексіз алғысын жеткізді:
Сонымен қатар “Мұз айдыны” мекемесі ұжымына және тілекші болған барша халыққа шын жүректен ризашылық білдірді.