Ирландиялық аралас жекпе-жек шебері Конор МакГрегор түрмеге қамалуы мүмкін. Оған 10 жылға дейінгі жаза қаупі төніп тұр.
Ирландиялық және британдық БАҚ-та "МакГрегор 10 жылға сотталуы мүмкін" деген тақырыптағы материалдар жарық көрді. Бұл ақпарат спорт әлемін дүр сілкіндірді.
МакГрегордың үстінен жалған куәлік берді деген айып тағылуы ықтимал. Бұл іс Никита Хэндтің атымен байланысты. Егер спортшының кінәсі дәлелденсе, ирландиялық жұлдыз он жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бұған дейін Ирландияның азаматтық соты Конор МакГрегорды 2018 жылы бір әйелге зорлық көрсетті деп айыптап, кінәлі деп тапқан. Сот шешімінен кейін спортшы өзінің кінәсіздігін дәлелдейтін айғақтар ұсынатынын мәлімдеген еді.
Конор МакГрегор аралас жекпе-жекте (ММА) 28 жекпе-жек өткізіп, 22 рет жеңіске жетіп, 6 мәрте жеңілген. Ол UFC тарихындағы ең танымал әрі ықпалды спортшылардың бірі саналады.