Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қазақстан футзалшылары Еуропа чемпиондарымен кездеседі

Сарапшы, спорт журналисі
03.07.2025, 15:53

Футзалдан 2026 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу плей-офф кезеңінің жеребесі тартылып, Қазақстан ұлттық құрамасының қарсыласы анықталды.

Қазақстан футзалшылары Еуропа чемпиондарымен кездеседі
instagram/@kff_team_futsal

Қарсылас – Еуропаның қос дүркін чемпионы

Плей-офф кезеңінде Қазақстан құрамасы Италиямен кездеседі. Айта кетейік, италиялықтар екі мәрте Еуропа чемпионы атанған (2003, 2014) тәжірибелі команда. Қос матч 15 және 24 қыркүйекте өтеді.

Қазақстанның іріктеудегі нәтижесі

Қазақстан өз тобында екінші орын иеленіп, плей-оффқа жолдама алған болатын:

  • 10 ұпай жинады
  • Армения – 1-орын (16 ұпай)

Матч нәтижелері:

  • Албания – 2:0, 4:2 (жеңіс)
  • Дания – 7:3 (жеңіс), 2:3 (жеңіліс)
  • Армения – 4:4 (тең), 2:4 (жеңіліс)

Еуро-2026 қайда өтеді?

Футзалдан Еуропа чемпионаты келесі жылдың басында Латвия, Литва және Словенияда өтеді. Турнирге үздік 16 құрама жолдама алады. Қазақстан құрамасы Еуроға қатысу үшін плей-оффты сәтті еңсеруі қажет.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір