Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Олимпиада жүлдегері базарда сауда жасап жүр (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
02.07.2025, 17:30

Танымал зілтемірші бұл шешімін еш жасырмай, адал еңбекпен күн көріп жүргенін жеткізді.

vk.com
vk.com

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, атақты зілтемірші Жазира Жаппарқұл Шымкенттегі базарлардың бірінде саудамен айналысып жүр. Бұл туралы ол Aqyrys Seitqazy YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.

Спортшының шынайы өмірі

Жазира Жаппарқұл сауда саласында жұмыс істеп жүргенін жасырмай айтты. Ол барлық тауарды өзі таңдап, базардағы сауда орындарында тікелей өзі қадағалайтынын жеткізді.

“Базарда сауда жасаймын. Өзімнің адамдарым бар, бірақ кейде өзім де барамын. Ашып алып, кетіп қалу деген жоқ қой. Бәрін бақылап, басы-қасында болу керек. Тауарға да өзім тапсырыс беремін”, – деді Жаппарқұл.

Олимпиада жүлдегерінің айтуынша, оны сауда орнынан көрген жұрттың таңғалысын жиі байқайтынын айтты. Алайда Жазира бұл жұмыстың ешқандай оғаштығы жоқ екенін алға тартып, қоғамдағы кей түсінікке наразы екенін де жеткізді:

“Сатып алушылар: "Сен базарға шығып кеттің бе?" деп сұрайды. Несі бар сонда? Мен біреудің жұмысын тартып алған жоқпын ғой. Ішіп жүрсем, «мал болып кетті» дейсіңдер. Енді адал еңбектеніп жүрген адамға да тіл тигізесіңдер. Түзу сөйлеп үйрену керек”, – деп ренішін жасырмады.

Саудада береке бар

Жазира Жаппарқұл қоғамда әртүрлі пікір айтылатынын атап өтті. Кейбір азаматтар оның саудамен айналысуына түсіністікпен қарап, қолдау білдіруде.

“Кейбіреулер: "Дұрыс, жарайсың. Саудада да береке бар", – дейді. Шынымен де, ішіп-шегіп жүргенше, спортпен не кәсіппен айналысқан дұрыс. Өкінішке қарай, біздің менталитет дұрыс емес сияқты”, – дейді ол.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір