Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер
Конор Макгрегор

Конор Макгрегор

«The Notorious» · Conor McGregor

Ирландия · Жартылай орта салмақ

22жеңіс
7жеңіліс
0тең

Анкета

Жасы
38
Бойы
175 см
Салмағы
70.8 кг
Қол ұзындығы
188 см
Тұрысы
Сол қолды (саутпо)
Команда
SBG Ireland

Жеңіс тәсілдері

барлығы 1 жекпе-жек
Нокаут
0
Сабмишн
0
Төрешілер шешімі
0
Жеңіс / жеңіліс
0 / 1

Жекпе-жектер тарихы

КүніҚарсыласТурнирНәтиже
АҚШМакс Холлоуэй #4Жартылай орта салмақ UFC 329: Макгрегор — ХоллоуэйUFC ЖеңілісТехникалық нокаут, 1-раунд 1:09

Конор Макгрегор туралы

Конор Макгрегор — ирландиялық аралас жекпе-жек шебері, UFC тарихында екі салмақ дәрежесінде бір мезгілде чемпион болған алғашқы спортшы. 2015 жылы UFC 194 турнирінде Жозе Алдуды 13 секундта нокаутқа түсіріп, жартылай жеңіл салмақ чемпионы атанды, ал 2016 жылы UFC 205-те Эдди Альваресті жеңіп, жеңіл салмақ белбеуін иеленді. Кәсіпқой мансабын 2008 жылы бастаған.

Анықтама Уикипедия бойынша: Conor McGregor, Конор Макгрегор, Макгрегор, Конор

Конор Макгрегор: жаңалықтар

Жекпе-жек

Конор Макгрегор UFC-дегі соңғы жекпе-жегіне қарсылас тапты

Ирландиялық файтердің 2026 жылғы 11 шілдеде өткен жекпе-жегі небәрі 69 секундқа созылған еді.  

Жекпе-жек

"Ешқандай сылтау жоқ": Макгрегор операциядан кейін жанкүйерлеріне үндеу жасады

UFC-дің екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор тізесіне жасалған операцияның сәтті өткенін хабарлады.

Жекпе-жек

UFC аңызы Махачев - Гэрри айқасының жеңімпазын атады

Қос файтер 16 тамызда Филадельфияда өтетін UFC 330 турнирінде чемпиондық белбеу үшін айқасады.

Жекпе-жек

Конор Макгрегор Макс Холлоуэймен өткен жекпе-жек нәтижесіне наразы

UFC ұйымының екі салмақ дәрежесіндегі экс-чемпионы Конор Макгрегор UFC 329 турнирінде Макс Холлоуэйден техникалық нокаутпен жеңілген кездесу нәтижесін өзгертуді талап етті.

Ойыннан тыс

Хабиб пен Макгрегор бір дастарханда отырады: оларды Роналду тойға шақырды

Португалиялық футбол жұлдызы Криштиану Роналду мен Джорджина Родригестің үйлену тойына қатысуы мүмкін танымал қонақтардың алдын ала тізімі жарияланды. Олардың қатарында футбол жұлдыздары, UFC файтерлері, актерлер мен танымал әншілер бар.

Жекпе-жек

Макгрегор мансабын аяқтады ма? Дана Уайт жауап берді

Ирландиялық файтер шілде айында америкалық Макс Холлоуэйге қарсы жекпе-жекте жарақат алған еді.

Футбол

Конор Макгрегор әлем чемпионатының финалына 100 мың доллар тікті

UFC ұйымының екі салмақтағы экс-чемпионы Конор Макгрегор футболдан әлем чемпионатының финалына ірі көлемде бәс тіккенін мәлімдеді.

Жекпе-жек

"Қазір бабымның шыңына шығып келемін": Конор Макгрегор ұзақ үзілістен кейін мәлімдеме жасады

UFC жұлдызы Конор Макгрегор бес жылға жуық уақыт жекпе-жек өткізбесе де, өзін өте жақсы сезінетінін айтты.

Жекпе-жек

Макгрегор – Холлоуэй жекпе-жегіне билеттер 4 минут ішінде сатылып кетті

Конор Макгрегордың октагонға оралуы UFC тарихындағы жаңа рекордпен басталды.

Жекпе-жек

Конор Макгрегор оралды. UFC-де Шавкат Рахмоновтың дивизионында айқасады

Макгрегор  бес жылға жуық үзілістен кейін жекпе-жекке шыққалы жатыр. 

Жекпе-жек

Илия Топурия - Конор Макгрегор шайқасы. Басты талап айтылды

UFC чемпионы ирландиялық жұлдызбен жекпе-жек өткізуге қатысты ойын бөлісті.

Жекпе-жек

Конор Макгрегор бокстан жекпе-жек өткізді

UFC жұлдызы Дублинде үш раундтық айқасқа шықты. 

Жекпе-жек

Конор Макгрегор UFC-ге оралуға рұқсат алды

UFC-дің бұрынғы екі салмақтағы чемпионы Конор Макгрегор ұзақ уақытқа созылған дисквалификациядан кейін аралас жекпе-жекке қайта оралуға ресми түрде мүмкіндік алды. 

Жекпе-жек

Макгрегордың камбэгі осылай бастала ма? Қарсылас ретінде Пётр Ян аталды

IBA президенті Умар Кремлёв аралас жекпе-жектің танымал жұлдызы Конор Макгрегор мен ресейлік файтер Пётр Янды бір кеште жолықтыру ниеті барын меңзеді.

Ойыннан тыс

Конор Макгрегор Майк Тайсонды боксқа «үйретті» (ВИДЕО)

Ирландиялық UFC жұлдызы Конор Макгрегор ауыр салмақтың аңызы Майк Тайсонмен кездесіп, оған бокстың «қыр-сырын» түсіндірген сәтін көрсетті. Желіде тараған видеода Конор рингтегі қозғалыс пен соққыларды көрсетіп, Тайсонға тактикалық «кеңес» беріп тұрғандай әсер қалдырады.

Жекпе-жек

Конор Макгрегор UFC-ге қайта оралады

Естеріңізге салсақ, ирландиялық жауынгер екі салмақта UFC чемпионы болған.

Жекпе-жек

Дана Уайт Макгрегордың Ақ үйде өтетін UFC турниріне қатысуы туралы мәлімет жасады

UFC президенті Дана Уайт ұйым келесі жылы Ақ үйде өтетін турнирдегі жекпе-жектер бойынша келіссөздерді әлі бастаған жоқ екенін мәлімдеді. Бұл — Конор Макгрегордың өз қатысуына келісімшарт жасалды деген сөзіне қайшы мәлімдеме.

Жекпе-жек

Конор Макгрегор Ақ үйдегі айқас үшін қанша алатынын айтты

Ирландиялық файтер Ақ үй аумағында жекпе-жек өткізгені үшін 100 миллион доллар алады. Бір қызығы, сыйақы мұнымен шектелмейді. 

Жекпе-жек

Конор Макгрегор Ақ үйде өтетін жекпе-жегіне 100 миллион доллар сұрады

Конор Макгрегор ММА-ға әсерлі түрде қайта оралып, келесі жылы-ақ жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр. Оның үстіне, жай ғана емес – АҚШ президентінің резиденциясы, Ақ үй аумағында. Бұл үшін ол өте қомақты сыйақы алмақ.

Жекпе-жек

"Маған тек Хабиб пен Конор керек!" — Тони Фергюсон мәлімдеме жасады

UFC-дің жеңіл салмақтағы бұрынғы уақытша чемпионы Тони Фергюсон октагонға қайта оралуы мүмкін екенін айтты. Оның сөзінше, тек екі жекпе-жекке келісуге дайын: Хабиб Нурмагомедов немесе Конор Макгрегорға қарсы айқас.