UFC-дің бұрынғы екі салмақтағы чемпионы Конор Макгрегор ұзақ уақытқа созылған дисквалификациядан кейін аралас жекпе-жекке қайта оралуға ресми түрде мүмкіндік алды.
Шетелдік басылымдардың мәліметінше, Конор Макгрегор 2025 жылдың қазан айында допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін 18 айға спорттан шеттетілген. Оған 2024 жылы үш рет допинг-сынамасын тапсыруға келмеді деген айып тағылған.
Бұл жағдай спортшының орналасқан жері туралы деректерді уақытылы ұсынбауы ретінде бағаланған. Соның нәтижесінде Макгрегорға салынған шектеу мерзімі 2024 жылдың 20 қыркүйегінде басталып, 2026 жылдың 20 наурызында аяқталды.
Алдын ала ақпарат бойынша, Конор Макгрегор келесі кездесуін 11 шілде күні Лас-Вегаста өтетін UFC 330 турнирінде өткізуі мүмкін. Дереккөздерге сүйенсек, ирландиялық спортшының өкілдері мен UFC басшылығы арасындағы келіссөздер сәтті өткен.
Бұл жаңалық Макгрегордың октагонға ұзақ үзілістен кейін қайта оралуына жол ашып отыр.
Қазір Конор Макгрегор 37 жаста. Оның ММА-дегі кәсіби рекорды — 22 жеңіс, 6 жеңіліс. Ол бұған дейін UFC ұйымында жеңіл салмақ пен жартылай жеңіл салмақ дәрежелерінде чемпион атанған.
Ирландиялық файтердің соңғы жекпе-жегі 2021 жылдың шілде айында өткен. Сол кездесуде америкалық Дастин Порьеге қарсы ауыр жарақат алып, аяғын сындырып алған.