M-1 лигасының бұрынғы уақытша чемпионы, қазақстандық файтер Арман Әшімов октагонға қайта оралады.
Ресми мәліметке сәйкес, Арман Әшімовтың келесі жекпе-жегі 11 сәуірде "Алматы Аренада" өтетін турнир аясында ұйымдастырылады. Оның қарсыласы — Тәжікстан өкілі, "Шоутайм" лақап атымен танымал Дильшод Норкузиев болады.
ММА лигасы Nomad Fighting әлеуметтік желідегі парақшасында алдағы кездесу туралы былай деп жазды:
"Арман Әшімов пен Дильшод "Шоутайм" Норкузиев арасындағы айқас жанкүйерлерге тартысты әрі әсерлі жекпе-жек сыйлауға уәде береді.
M-1 чемпионы Арман Әшімовтың көптен күткен оралуы және аренада шоу көрсетуге дайын жарқын файтер Дильшод "Шоутаймның" кездесуі кештің басты оқиғаларының біріне айналмақ".
Арман Әшімов соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың 23 наурызында өткізді. Ол кезде Rizin FF лигасында жапониялық промоушендегі дебютін жасаған. Алайда бұл кездесу сәтсіз аяқталды: Әшімов тәжірибелі жапониялық файтер Юсаку Накамураға төрешілердің бірауызды шешімімен есе жіберді.
Тәжікстандық Дильшод Норкузиев өзінің соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың 19 желтоқсанында Ташкенттегі Octagon 83 турнирінде өткізді. Сол кеште өзбекстандық жеңіліп көрмеген файтер Аббос Хайдаровты бірінші раундтың небәрі 40-секундында нокаутпен жеңіп, жанкүйерлер назарын өзіне аударды.