Қазақстандық боксшы Ташкенттегі жекпе-жекке дайындалып жатыр (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев алдағы маңызды айқас алдында дайындығын қызу жалғастыруда. 

Қазақстандық боксшы Ташкенттегі жекпе-жекке дайындалып жатыр (ВИДЕО)
instagram/@batyr_jukembaev

Дайындық күшейді

Батыр Жүкембаев келесі жекпе-жегіне тыңғылықты дайындалып жатыр. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында жаттығу сәттерінен үзінді бөлісіп, алдағы бокс кешінің жақындап қалғанын жеткізді.

Боксшы Instagram парақшасында жариялаған видеосына:

"Күн санап жақындап келеді. 9 мамырдағы үлкен шоу", — деген жазба қалдырған.

Кімге қарсы шығады?

Жүкембаев 9 мамырда Ташкенттегі "Хумо Аренада" жергілікті боксшы Шохжахон Эргашевпен қолғап түйістіреді.

Бұл кездесу бокс жанкүйерлері үшін аса қызықты болғалы тұр. Себебі екеуіде кәсіпқой рингте дәлелдеген мықтылардың қатарында.

Боксшылардың рекорды:

Батыр Жүкембаев — 24 жеңіс, 1 жеңіліс, 17 нокаут

Шохжахон Эргашев — 26 жеңіс, 2 жеңіліс, 23 нокаут

Жүкембаевтың соңғы жекпе-жегі қалай аяқталды?

Батыр Жүкембаев соңғы рет рингке былтыр сәуірде Астанада көтерілген. Сол кезде британиялық Кейн Гарднерді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңді.

Бұл жеңіс Жүкембаевтың кәсіпқой мансабындағы маңызды табыстарының бірі ретінде бағаланды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір