Жарақаттан кейінгі алғашқы спарринг. Балауса Мұздыман рингке оралды

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық боксшы Балауса Мұздыман АҚШ-тағы жаттығу жиынында рингке қайта көтерілді.

Жарақаттан кейінгі алғашқы спарринг. Балауса Мұздыман рингке оралды
instagram/@muzdi__

Алғашқы спарринг

Боксшы әлеуметтік желідегі сторисінде рингтен түсірілген сәттерді жариялап, мойын жарақатынан кейін алғаш рет толыққанды спарринг өткізгенін айтты. Оның сөзінше, қалпына келу кезеңі сәтті аяқталған.

"Бүгін жарақаттан кейінгі алғашқы спарринг өткіздім. Мойным бұл сынаққа дайын болып шықты", — деп жазды Балауса Мұздыман.

Жарақат қашан болды?

Балауса Мұздыман былтыр желтоқсанда жанкүйерлеріне алдағы жекпе-жекке дайындық кезінде мойнын жарақаттап алғанын мәлімдеген. Сол кезде Алматыдағы бокс кешінде шаршы алаңға шығуы тиіс еді.

Алайда жарақатқа байланысты жоспарланған кездесу кейінге шегерілді.

Қазір боксшы өзінің жаттықтырушысы Сағатбек Мұсахановпен бірге Лас-Вегаста оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. АҚШ-тағы дайындықтың нақты қандай жекпе-жекке бағытталғаны әзірге ресми түрде жарияланған жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 2
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір