"Ешқандай сылтау жоқ": Макгрегор операциядан кейін жанкүйерлеріне үндеу жасады
UFC-дің екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор тізесіне жасалған операцияның сәтті өткенін хабарлады.
Тізесіне операция жасалды
Конор Макгрегор шілде айында UFC 329 турнирінде Макс Холлоуэйге қарсы жекпе-жекте тізесінен жарақат алған. Бұл кездесу ирландиялық үшін бес жылға жуық үзілістен кейінгі алғашқы жекпе-жек болған. Дегенмен айқастың басында Макгрегор секіріп тұрып соққы жасауға әрекеттеніп, жерге сәтсіз қонды.
Кейін тағы бірнеше рет тепе-теңдігін жоғалтып, зақымданған аяғын ұстай бастаған. Нәтижесінде төреші жекпе-жекті 69-секундта тоқтатып, Макс Холлоуэйге техникалық нокаутпен жеңіс берді.
Макгрегор: “Нағыз жұмыс енді басталады”
Конор операциядан кейін әлеуметтік желідегі парақшасында оңалту кезеңіне қатысты мәлімдеме жасады.
“Операция аяқталды, тізем қалпына келтірілді. Күмәнданатындар айта берсін. Мен ауырсынудан қашқаным жоқ, керісінше оған қарсы бардым. Енді нағыз жұмыс басталады. Қайта оралу маусымы дәл қазір басталды. Ешқандай сылтау жоқ. Тек қайтадан аяққа тұруға деген жігер бар”, – деп жазды Макгрегор.
Холлоуэймен реванш
Ирландиялық файтердің жоспары бойынша келер жылдың жазында октагонға қайта оралмақ.
Макгрегордың негізгі мақсаты – Макс Холлоуэймен қарымта жекпе-жек өткізу. Файтердың сөзінше, бұл айқас оның UFC-дегі мансабындағы соңғы кездесуі болуы мүмкін.
Айта кетейік, Макгрегор мен Холлоуэй алғаш рет 2013 жылы кездескен. Сол кезде ирландиялық файтер төрешілер шешімімен жеңіске жеткен.