UFC аңызы Махачев — Гэрри айқасының жеңімпазын атады
Қос файтер 16 тамызда Филадельфияда өтетін UFC 330 турнирінде чемпиондық белбеу үшін айқасады.
Ирландиялық даңқты файтер, UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор Ислам Махачев — Иан Гэрри жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді.
Ол өз отандасы Гэрридің мүмкіндігін жоғары бағалап, оның чемпион болатынына сенетінін айтты.
"Бұл жігіт — нағыз талант. Мен оның чемпион болатынына толықтай сенемін", — деп жазды Макгрегор Гэрридің сұхбатының астына.
Жекпе-жек 16 тамызда өтеді
Ислам Махачев пен Иан Гэрри арасындағы айқас 16 тамыз күні Филадельфияда өтетін UFC 330 турнирінде ұйымдастырылады.
Бұл кездесуде жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеу сарапқа салынады.
Қазіргі уақытта Ислам Махачев жартылай орта салмақтағы чемпиондық титулдың иесі.
Ол UFC-де қатарынан 16 жекпе-жекте жеңіске жеткен. Соңғы кездесуінде Махачев аустралиялық Джек Делла Маддаленамен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен басым түсті. Осы жеңістен кейін ол қарсыласының чемпиондық белбеуін тартып алған еді.
Екеуі де бір-ақ рет жеңілген
Махачев пен Гэрридің мансабындағы қызық тұс — екеуі де кәсіби жолында небәрі бір реттен ғана жеңілген.
Иан Гэрри жалғыз жеңілісін қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтан алған.