Конор Макгрегор оралды. UFC-де Шавкат Рахмоновтың дивизионында айқасады

Бас редактор

Макгрегор  бес жылға жуық үзілістен кейін жекпе-жекке шыққалы жатыр. 

Конор Макгрегор оралды. UFC-де Шавкат Рахмоновтың дивизионында айқасады
sportrbc.ru

Ирландиялық жұлдыз Конор Макгрегордың UFC-дегі келесі жекпе-жегі ресми түрде жарияланды. Ұзақ үзілістен кейін октагонға оралатын файтер жартылай орта салмақта өнер көрсетеді.

Макгрегор — Холлоуэй жекпе-жегі қашан өтеді?

Конор Макгрегор UFC 329 турнирінің басты жекпе-жегінде америкалық Макс Холлоуэймен кездеседі. Турнир АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында, T-Mobile Arena кешенінде өтеді. Жекпе-жек Астана уақытымен 12 шілде күні таңертең өтеді деп жоспарланған.

Конор Макгрегор үшін Макс Холлоуэйге қарсы айқас UFC-дегі ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы жекпе-жек болмақ.

Айқас жартылай орта салмақ дәрежесінде ұйымдастырылады. Бұл — Шавкат Рахмонов өнер көрсететін салмақ.

Ирландиялық файтер соңғы рет 2021 жылдың шілдесінде октагонға шыққан. Ол кезде Макгрегор америкалық Дастин Порьеге мерзімінен бұрын жеңіліп қалған еді.

Қазіргі таңда Конордың кәсіби ММА-дағы көрсеткіші — 22 жеңіс және 6 жеңіліс.

Шавкат Рахмонов қазір қалпына келіп жатыр

Қазақстандық Шавкат Рахмонов қазіргі уақытта жарақатынан кейін қайта қалпына келу кезеңін өткізіп жатыр. Бұған дейін оның тізесіндегі жарақаты қайта мазалап, спортшыға операция жасалғаны хабарланған еді.

"Номад" соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында өткізді. Сол кезде ол ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген болатын.

Қазіргі таңда Шавкаттың кәсіби рекорды — 19 жеңіс, 0 жеңіліс.