Конор Макгрегор әлем чемпионатының финалына 100 мың доллар тікті
UFC ұйымының екі салмақтағы экс-чемпионы Конор Макгрегор футболдан әлем чемпионатының финалына ірі көлемде бәс тіккенін мәлімдеді.
Нақты есепке бәс тіккен
Макгрегор әлеуметтік желідегі парақшасында жасаған ставкасының скриншотын жариялап, тәуекелі жоғары таңдауына не себеп болғанын түсіндірді. Ол Аргентинаның 3:2 есебімен жеңіске жетіп, қатарынан екінші рет әлем чемпионы атанатынына 100 мың доллар қойған.
Оның айтуынша, мұндай шешім қабылдауына бірнеше жыл бұрын интернетте тараған болжам әсер еткен. Белгісіз қолданушы Аргентина мен Испания әлем чемпионатының финалында кездесіп, матч 3:2 есебімен аяқталатынын алдын ала жазған.
Макгрегор сол болжамның алғашқы бөлігі орындалғанына назар аударып, енді нақты есеп те сәйкес келеді деп үміттенетінін жеткізді.
Ұтысы 3,6 миллион долларға жетуі мүмкін
Аргентина құрамасы негізгі уақытта дәл 3:2 есебімен жеңіске жетсе, Макгрегордың жалпы ұтысы 3,6 миллион доллар болады.
Әлем чемпионатының финалы 20 шілдеде Нью-Йоркте өтеді. Кездесу Астана уақытымен сағат 00:00-де басталады.