Хабиб пен Макгрегор бір дастарханда отырады: оларды Роналду тойға шақырды

Жекпе-жек шолушысы

Португалиялық футбол жұлдызы Криштиану Роналду мен Джорджина Родригестің үйлену тойына қатысуы мүмкін танымал қонақтардың алдын ала тізімі жарияланды. Олардың қатарында футбол жұлдыздары, UFC файтерлері, актерлер мен танымал әншілер бар.

Хабиб пен Макгрегор бір дастарханда отырады: оларды Роналду тойға шақырды
instagram/@georginagio

Үйлену тойы қашан өтеді?

Криштиану Роналду былтыр ұзақ уақыт бойы бірге тұрып келе жатқан сүйіктісі Джорджина Родригеске тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасаған. 

Бұған дейін шетелдік БАҚ олардың үйлену тойы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатынан кейін Мадейра аралында өтетінін хабарлаған.

Соңғы мәліметтерге қарағанда салтанатты шара осы аптаның ішінде ұйымдастырылуы ықтимал. Үйлену тойының болжамды бюджеті шамамен 12 миллион доллар.

Қандай футболшылар шақырылуы мүмкін?

БАҚ-та тараған ақпарат бойынша салтанатты шараға бірқатар әлемге танымал футболшылар шақырылған.

Алдын ала тізімде Рио Фердинанд, Винисиус Жуниор, Килиан Мбаппе және Родриго бар.Бұлардың кейбірі Роналдумен клубтық және ұлттық құрама деңгейінде бірге ойнаған немесе онымен тығыз қарым-қатынаста болған.

Хабиб пен Конор бір дастарханда отыруы мүмкін

Тойға шақырылуы ықтимал қонақтардың арасында UFC жұлдыздары Хабиб Нурмагомедов пен Конор Макгрегор да аталады.

Кезінде октагонда кездесіп, араларындағы текетіресі бүкіл әлемге танылған екеуі Роналдудың үйлену тойына келсе, бір салтанатты шарада бас қосуы мүмкін.

Айта кетейік, Криштиану Роналдудың Хабиб Нурмагомедовпен де, Конор Макгрегормен де жақсы қарым-қатынаста екені белгілі.

Рианна, Дженнифер Лопес және Вин Дизель де шақырылған ба?

Әлеуетті VIP-қонақтардың қатарында спорт әлемінен бөлек, кино және музыка индустриясының танымал өкілдері де бар.

Олардың арасында актер Вин Дизель, әншілер Рианна мен Дженнифер Лопес, рэперлер Дрейк пен Трэвис Скотт, тележүргізуші Пирс Морган және блогер IShowSpeed аталады.

Әзірге қонақтардың нақты тізімі мен үйлену тойының ресми күні жарияланған жоқ.

Криштиану Роналду мен Джорджина Родригес 2016 жылдан бері бірге тұрып келеді. Танымал жұп бес бала тәрбиелеп отыр.