Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстандық зілтеміршілер Азияны дүр сілкіндірді (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
07.07.2025, 22:39

Қазақстандық ауыр атлеттер Азия чемпионатында жарқырады — жасөспірімдер мен жастар құрамасы үш бірдей медаль жеңіп алып, екі бірдей құрлықтық рекорд орнатты.

olympic.kz
Реклама
Реклама

Қазақстандық жас зілтеміршілер Азия чемпионатында керемет нәтиже көрсетіп, құрлықтық рекорд орнатып, ел қоржынына кезекті жүлделерді салды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Азия рекордсмені атанды

17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыста Нұржан Жұмабай алтын медаль жеңіп алды. Ол қос сайыс нәтижесі бойынша 315 келіні еңсеріп, бірінші орын алды. Айта кетерлігі, Нұржан жұлқа көтеруде 140 келіні бағындырса, серпе көтеруде 175 келіні көтеріп, Азия рекордын орнатты.

20 жасқа дейінгілер арасында чемпион

U20 санатында сынға түскен Едіге Емберді де құрлықтық рекорд орнатып, Азия чемпионы атанды. Спортшы серпе көтеруде 194 келіні еңсеріп, жаңа рекорд орнатты. Ал жұлқа көтеруде 153 келіні көтеріп, жалпы 347 келі нәтиже көрсетті.

Күміс жүлдегер

Осы жас санатындағы тағы бір қазақстандық зілтемірші Ақжол Құрманбек күміс жүлдені иеленді. Ол жұлқа көтеруде 151 келі, серпеде 192 келі көтеріп, жалпы 343 келілік нәтижемен екінші орын алды.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары