Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ақтөбе" бразилиялық легионерлермен қош айтысты

Редактор Penalty.kz
08.07.2025, 03:09

Қазақстандық футзалдағы маңызды жаңалықтардың бірі – "Ақтөбе" клубының құрамындағы барлық бразилиялық ойыншы команданы ресми түрде тастап кетуі болды. 

Instagram/@futsalkazakhstan
Реклама
Реклама

Виктор Тарчилоның таңдауы сәтті болған

Маусым басталар алдында "Ақтөбе" тізгінін ұстаған бапкер Виктор Тарчило құрамға төрт бірдей бразилиялықты шақырған еді. Қазір ол клубтың экс-бапкері саналғанымен бұл трансферлік шешімдер өз тиімділігін толық ақтады. Сарапшылардың пікірінше, Тарчилоның таңдауы ең жоғары баға – "5+" деңгейінде бағалануға лайық.

Әр бразилиялық өз орнын тапты

Алаңдағы нәтижелер де осыны айқын көрсетеді:

Биэл – 40 гол мен 28 нәтижелі пас авторы. Чемпионаттағы үздік сұрмергендердің үштігіне кіріп, "гол+пас" жүйесінде екінші орынға ие болды.

Филипиньо – 23 гол және 23 ассист жасап, шабуыл шебінде тұрақты ойын өрнегін көрсетті.

Бока – 16 гол мен 11 нәтижелі пасымен команданың маңызды ойыншыларының бірі болды.

Чураско – қорғаныста ойнаса да, 17 гол және 18 ассистпен көзге түсті. Көптеген сарапшылар оны өз позициясындағы үздіктердің қатарынан көрді.

Маусымды қалай аяқтады?

"Ақтөбе" футзал клубы биылғы маусымда плей-офф кезеңінде "Атырауға" жол беріп, ел чемпионатын төртінші орынмен аяқтады. Бұл нәтижеге қарамастан бразилиялық легионерлердің үлесі зор болғаны даусыз.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары