Ауыр атлетикадан Астанадағы жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының бесінші жарыс күні таңғажайып нәтижемен басталды. 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Кира Данилова алтын медаль иеленді.
Көкшетау тумасы Кира Данилова зілтемірді қос сайыс нәтижесі бойынша 198 келі (87+111) көтеріп, өз мансабындағы ең үздік көрсеткішке қол жеткізді. Бұл нәтиже оған жастар арасындағы Азия чемпионатының алтын медалін алып келді.
Кира Данилова жайлы қысқаша мәлімет:
Жетістіктері:
Софья Шальгина үшін бұл чемпионат мансаптағы тұңғыш Азия додасы болды. Соған қарамастан ол өзіне артылған үмітті толық ақтап, 175 келі (82+93) нәтижемен қола жүлде жеңіп алды. Бұл оның болашағы зор спортшы екенін тағы бір дәлелдеді.
Тағы бір қазақстандық зілтемірші Айғаным Жанболат та жүлде үшін таласты соңына дейін сақтап, 195 келі (90+105) көрсеткішпен бесінші орынды қанағат тұтты. Ол алты мүмкіндіктің үшеуін сәтті орындап, құрметке лайық өнер көрсетті.