Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Николай Валуев 15 жылға сотталды

Редактор Penalty.kz
08.07.2025, 15:36

Ауыр салмақтағы бокстан бұрынғы әлем чемпионы Николай Валуев, Ресей хоккей федерациясының президенті Владислав Третьяк және Мемлекеттік Думаның тағы 10 депутаты Украинада сырттай 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

sportrbc.ru
Реклама
Реклама

Украина соттарының шешімі қандай?

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Валуев пен Третьяктың істерін Хмельницкий қалалық соты қараған. Ал Мемлекеттік Думадағы қорғаныс комитетінің төрағасы Андрей Картаполовтың үкімі Тернополь қаласында шығарылған.

Жалпы алғанда, 12 депутат түрлі Украина соттарында сырттай сотталған. Барлығына ортақ айып – "Украинаның аумақтық тұтастығына қол сұғу" бабы бойынша қозғалған.

Айыпталушылар кімдер?

Сот шешіміне іліккендердің арасында ресейлік спорт пен саясат әлеміне танымал тұлғалар бар:

  • Николай Валуев — бокстан бұрынғы әлем чемпионы
  • Владислав Третьяк — аты аңызға айналған хоккейші, Ресей хоккей федерациясының президенті
  • Андрей Картаполов — Мемлекеттік Дума депутаты, қорғаныс комитетінің төрағасы

Бұл тұлғалардың мүлкі тәркіленіп, олар халықаралық деңгейде іздеу салынған тұлғалар тізіміне енгізілуі мүмкін.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары