Қазақстандық атлет Азия чемпионы атанып рекорд орнатты (ВИДЕО)
08.07.2025, 23:08
Астанада ауыр атлетикадан жастар арасындағы Азия чемпионатында Денис Полубояринов алтын жүлдені қанжығасына байлады.
instagram/@wf_rk
Жасөспірімдер арасындағы тарихи жетістік
Денис Полубояринов 94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, екі жаттығу нәтижесінде 376 килограмм (163+213) салмақты еңсерді. Бұл көрсеткіш оған айқын басымдықпен жеңіс сыйлады.
Азия рекордын жаңартты
Ең әсерлі сәт – спортшымыздың "толу" жаттығуында 213 килограмм көтеріп, өзінің жас санатындағы Азия рекордын жаңартуы болды. Бұл — қазақстандық ауыр атлетиканың тарихында ерекше белес.
Жүлдегерлер үштігі
Күміс жүлде — өзбекстандық Руслан Рахматжонов: 345 кг (155+190)
Қола жүлде — Бахрейн атынан қатысқан Джон Мурилло: 334 кг (154+180)
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама