Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

UFC президенті жанжалдан кейін қазақстандық спортшыны марапаттады

Редактор Penalty.kz
09.07.2025, 03:12

UFC басшысы Дана Уайт қазақстандық Зәкір Найманбаевқа Power Slap турнирінде өнер көрсету мүмкіндігін берді. Бұл шешім спортшының өткен турнирде дау тудырған дисквалификациясынан кейін қабылданды.

Instagram/@ufceurasia
Реклама
Реклама

Бір соққымен — нокаут, бірақ... дисквалификация

27 маусымда Лас-Вегаста өткен Power Slap 13 турнирінде Зәкір Найманбаев америкалық Брайан Джонсты бір соққымен есінен тандырған еді. Алайда күтпеген жерден төрешілердің шешімімен дисквалификацияға ұшырап, жарыс жолынан шеттетілді.

Бұл оқиға жанкүйерлер мен спорт сарапшылары арасында қызу пікірталас тудырды.

Дана Уайт әділеттік орнатты

Турнирден кейін UFC президенті Дана Уайттың өзі спортшыға қолдау білдіріп, келесі турнирге қатысуға шақырған. Бұл туралы Найманбаевтың өзі сұхбатында айтты:

"Турнирден соң маған Дана Уайттың өкілдері хабарласып, оның мені келесі жарыста көргісі келетінін жеткізді. Ол менің жеңілмегеніме сенімді екенін айтты. Маған Америкада қалып, дайындалу үшін барлық жағдай жасалды — қонақүй, күнделікті қажеттіліктер — бәрін төлеп берді", — деді қазақстандық спортшы.

Power Slap 14: жаңа мүмкіндік

Зәкір Найманбаев енді 18 шілдеде Нью-Орлеанда өтетін Power Slap 14 турниріне қатысады. Бұл — өзінің шынайы шеберлігін тағы бір дәлелдеуге берілген үлкен мүмкіндік.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары