Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Тур де Франс көрермендері бейіт үстіне шығып жарыс тамашалады (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
11.07.2025, 13:34

Әлемдегі ең беделді веложарыстардың бірі саналатын Тур де Франс додасы бұл жолы спорттан гөрі көрермендердің әрекетімен есте қалды.

sport.nv.ua
Реклама
Реклама

Құрмет пе, құрғақ әуестік пе?

Тур де Франс жарысының екінші кезеңінде Матье ван дер Пул, Тадей Погачар және Йонас Вингегор сынды мықтылар бақ сынаған шақта камералар күтпеген сәтті түсіріп үлгерді: бір топ жанкүйер жарысты жергілікті зират үстінен тамашалап тұр.

Тек жақсы ракурс пен әсерлі көрініс үшін жанкүйерлер бейіттердің үстіне шыққан. Олар қасиетті орын саналатын зираттың шекарасын бұзып, көрермендік “артықшылық” үшін әдеп пен құрметтен айырылған әрекетке барған.

Әлеуметтік желідегі наразылық

Бұл көріністер әлеуметтік желілерде бірден сынның астында қалды. Көпшілік мұны “имандылықтың жоқтығының өкінішті көрінісі” деп бағалап, қайтыс болғандардың рухына құрметтің тапталуы ретінде қабылдады.

“Жанкүйер болу – спортты қолдау, бірақ бейіт үстінде тұрып жарыс көру – бұл енді адамгершілік шегінен тыс кеткендік”, – деп жазды кей қолданушылар.

Тур де Франс: Спорт па, шоу ма?

Жыл сайын миллиондаған көрерменді өзіне тартатын Тур де Франс – тек спорттық жарыс емес, ұлттық мәдениеттің айнасы саналады. Алайда биылғы жағдай жаппай шаралар кезіндегі қоғамдық тәртіп пен әдептің қай деңгейде екенін көрсетіп бергендей.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары