Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстан құзға өрмелеуден әлем кубогында күміс жүлде жеңіп алды

Редактор Penalty.kz
13.07.2025, 09:12

Ришат Хайбуллин Францияның Шамони қаласында өткен спорттық құзға өрмелеуден әлем кубогы кезеңінде күміс медаль еншіледі. 

olympic.kz
Реклама
Реклама

31 елден 312 спортшы бақ сынады

Францияның тау бөктеріндегі әйгілі Шамони қаласында өткен халықаралық жарысқа 31 елден 312 спортшы қатысты. Қазақстан атынан «жылдамдық» санатында 8 спортшы өнер көрсетті. Олардың қатарында әлем аренасында тәжірибесімен танылған Ришат Хайбуллин мен Әмір Маймұратов та бар.

Финалдағы америкалықпен текетірес

Жарыстың негізгі кезеңіне тек Ришат Хайбуллин мен Әмір Маймұратов жолдама алды. Ришат финалға дейін жетіп, америкалық Самуэль Уотсонға есе жіберіп, күміс медаль иеленді. Ал қола жүлде тағы бір АҚШ спортшысы — Зак Хаммерге бұйырды.

"Бұл – Ришаттың халықаралық аренадағы тәжірибесі мен шеберлігін дәлелдейтін нәтижесі. Финалға дейінгі шапшаңдық пен тұрақтылық – оның басты артықшылықтары", — делінген Қазақстан ҰОК хабарламасында.

Маймұратов ширек финалға дейін жетті

Әмір Маймұратов болса іріктеуден екінші орынмен өткеніне қарамастан, ширек финалда испаниялық Эрик Нойа Кардонеге жол беріп, жарысты ерте аяқтады.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары