Қазақстандық триатлоншылар Малайзияда өткен жастар арасындағы Азия кубогының алғашқы күнінде екі бірдей медаль жеңіп алды. Рамазан Айнегов чемпион атанса, Елмұрат Қанай қола жүлдені еншіледі.
Қазақстандық спортшылар Малайзияда өтіп жатқан триатлоннан жастар арасындағы Азия кубогында алтын мен қола медальға ие болды. Жарыстың алғашқы күнінде қос отандасымыз жеңіс тұғырына көтерілді.
19–20 шілде күндері Малайзияның Кампар қаласында жастар арасындағы Азия кубогы өтуде. Бұл жарысқа 15 елден 60-қа жуық спортшы қатысып жатыр.
Қазақстандық спортшылар жарыстың қарқынды әрі жоғары бәсекелестік жағдайында да үздік нәтиже көрсетті.