Қазақстан жазғы Универсиадада төртінші медаль жеңіп алды
20.07.2025, 20:49
Германияда өтіп жатқан жазғы Универсиадада ел қоржынына таэквондошы Темірлан Тілеулес қола медаль салды.
Спортты дамыту дирекциясы
Тілеулес жартылай финалда сүрінді
Темірлан Тілеулес 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Жартылай финалда Украина спортшысы Максим Маненковпен жолықты. Қарсыласымен болған текетіресте Тілеулес 0:2 есебімен жеңіліп қалды (ұпайлар: 17:18, 14:17). Соның нәтижесінде қазақстандық спортшы Универсиадада қола жүлдегер атанды.
Таэквондодан тағы екі медаль
Айта кетейік, бұған дейін Дәмір Шүленов пен Нодира Ахмедова да таэквондодан қола медаль жеңіп алған. Осылайша аталған спорт түрі бойынша Қазақстан құрамасының еншісінде үш қола жүлде бар.
Көркем гимнастикада да жүлде бар
Сонымен қатар көркем гимнастикадан Айбота Ертайқызы да ел намысын абыроймен қорғап, қола медаль місе тұтты.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама