Қазақстан құрамасы Германиядағы Дүниежүзілік жазғы Универсиадада 11 медаль жеңіп алды. Ел қоржынында — 1 алтын және 10 қола жүлде бар.
Қазақстан жалпыкомандалық есепте 37-орынды иеленді. Бұл көрсеткіш ұлттық спортшылардың халықаралық аренадағы тұрақты нәтижелерін тағы бір мәрте дәлелдейді.
Жапония Универсиаданың жалпы көшбасшысы атанды — 79 медаль (34 алтын, 21 күміс, 24 қола).
Қытай құрамасы екінші орынға табан тіреді: 74 медаль (30 алтын, 27 күміс, 17 қола).
Үздік үштікті АҚШ түйіндеді — 84 медаль (28 алтын, 27 күміс, 29 қола).
Оңтүстік Корея — 57 медаль (21 алтын, 9 күміс, 27 қола)
Италия — 43 медаль (14 алтын, 10 күміс, 19 қола)