Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Көшпенділер ойындары-2026: Қазақтың көкпары бағдарламадан алынып тасталды

Редактор Penalty.kz
29.07.2025, 19:01

Ұйымдастырушылар тек қырғыз нұсқасы — көк-буруны қалдырып, жарысты клубтық форматта өткізетінін мәлімдеді.

gov.kz
Реклама
Реклама

2026 жылы өтетін Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарында қазақтың дәстүрлі көкпары болмайды. Бұл туралы 24 шілдеде өткен баспасөз мәслихатында жарыстың ұйымдастыру комитеті хабарлады.

Көкпардың орнына – тек көк-буру

Қырғыз Республикасының Дене шынықтыру және спорт агенттігінің басшысы Айбек Абдымомуновтың айтуынша, келер жылы өтетін жарыстың бағдарламасында тек көк-буру (қырғызша нұсқа) болады. Сонымен қатар, жарыс форматына да өзгеріс енгізілген.

Абдымомуновтың сөзінше, бұл жолы ұлттық құрамалар емес, халықаралық клубтар жарысқа түседі. Яғни, әр командада түрлі елдерден жиналған ойыншылар өнер көрсетеді.

«Бұл – көк-буруды саяси емес, мәдениетаралық спорттық жоба ретінде дамыту жолы. Мәселен, бір командада Манас Ниязов, қазақстандық, өзбекстандық және венгриялық ойыншы қатар ойнауы мүмкін», – деді Абдымомунов.

Қазақстан неге қатыспайды?

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы көкпар ережелеріне қатысты келіспеушілік бұрыннан белгілі. 2018 жылы Қазақстан Көшпенділер ойындарына қатысудан бас тартты. Себебі ұйымдастырушылар тайқазан орнына шеңбер қолдану секілді көкпар ережелерін сақтамаған. Бұл туралы сол жылы Қазақстан көкпар федерациясының президенті Ерлен Оспанов мәлімдеген болатын.

Сонымен қатар, 2014 жылы Қазақстан жарысқа мүлдем қатыспаса, 2016 жылғы финалда 3:15 есебімен Қырғызстаннан ұтылған еді.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары