Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

«Анам – Адай руынан». Нидерланд құрамасының спортшысы қазақтың жиені болып шықты

Сарапшы, спорт журналисі
09.09.2025, 12:17

23 жастағы Шон Ниволд бірнеше рет ел чемпионы атанған. 

Sports24.kz
Реклама
Реклама

23 жастағы Нидерланд жүзушісі Шон Ниволд – ел чемпионатында бірнеше мәрте топ жарған дарын. Бірақ ол тек голланд спортшысы ғана емес, анасы арқылы қазақтың ұлы. Спортшының өзі: «Жүрегімнің бір бөлігі – Қазақстанда» дейді. Бұл туралы 1bol.kz хабарлады. 

Шонның анасы – Атыраудан шыққан Эльмира есімді қазақ қызы. Ол болашақ жары, Шонның әкесімен жұмыс бабымен шетелде танысқан. Шон Нидерландта туып-өскен, қазір 50 және 100 метр қашықтықта елдің үздік жүзушілерінің бірі. Тіпті, 2024 жылы Париж Олимпиадасында бақ сынаған.

«Әкем – голланд, анам – қазақ. Бірақ менің мінезімді қалыптастырған – анам. Сондықтан өзімді екі мәдениеттің өкілі санаймын. Қазақтығымды мақтан етемін», – дейді Ниволд.

«Жүрегім – қазақ»

Шон Қазақстан туы бейнеленген киім киіп, ұлттық әуендерді тыңдайды. Анасынан қазақтың дәстүрі мен тарихын үйренген.

«Анам – Адай руынан. Ол ата-бабамыздың қайсарлығын жиі айтатын. Бұл маған рух береді. Жарыстарда Қазақстан туралы мақтанышпен айтып жүремін. Өзімді командамда кішкентай елші сезінемін», – дейді спортшы.

Ол қазақ тағамдарын да ұмытпаған: бауырсақ, қазы-қартасы бар бешбармақ – сүйікті асы. «Үйіміз кішкентай Қазақстанға айналып кететіндей сезімде боламын», – дейді ол.

Шон бала күнінде футбол, баскетбол, тенниспен айналысқан, бірақ жүзуде ерекше еркіндік тапқан. Кумирі – Майкл Фелпс.

2024 жылғы Париж Олимпиадасын ол: «Бала арманымның орындалуы. Әлемнің мықтыларымен бірге жүзу – баға жетпес тәжірибе» деп сипаттады.

Қазақстанмен байланысы

Әлеуметтік желілерде тараған видеосынан кейін Шонға Қазақстаннан көптеген жанкүйер жазылған. «Мені «жиеніміз, бауырымыз» деп қолдап жатқандарды көру – үлкен қуаныш», – дейді ол.

Қазақстанға келуге ниетті екенін де жасырмайды:

«Жақында елге барып, туыстарымды көріп, жас спортшыларға шеберлік сабағын өткізгім келеді».

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары